ДОС
Дос туралы жырлаған ақындарың өлеңде,
Дос дегенің үш әріп мағынасы тереңде
Доссыз өмір бос деген талай қазақ атамыз,
Дос сезімін біледі соқыр мылқау кереңде.
Достарың бар сыртыңнан саған күлер
Достарың бар жақсылықты іштей тілер,
Достарың бар уақытша керек қылар
Достарың бар шынайы бірге жүрер.
Доссыз өмір мәнді емес мойындайық
Жасай алмайсың досыңды ойыңдай қып,
Достың мәні санда емес сапасында
Демеп жібер достарыңды саған лайық.
Досты айыр бастама мансап атақ ақшаға
Көп қателік жасағаның кірер мидағы таспаға,
Бірге қарап болашаққа ұмтылғаның дұрыс ақ
Қанша құлап сүрініп еңкейіп ол жатсада.
Досыңнан қате кетсе кешіре сал
Кек сақтама досыңа болма осал,
Жамандыққа жақсылық қылып қайтар
Кезі келіп өкініп ол да тосар.
Досты сыйла көңілін бірге көтер
Досың үшін не болсада бәрін төңкер,
Досы көпті жау алмайды деген сөз бар
Өміріңнің бар жартысын доспен өткер.
Достыққа қадірлі болу өз қолыңда
Досты таңда құрбан болар дос жолында,
Жалған досқа аша берме сырыңды
Мүмкін айтар, достары бар оныңда...